Медеу Арынбаев Kalifarniya-ға неге “өкпелі“?

Әнші Медеу Арынбаев қазіргі жас әртістермен дуэт орындау қолынан келе бермейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Revue news бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Сол жас әншілермен ән айтқым-ақ келеді. Аттарын атамаймын, бірақ жас әншілерге ән бергім келіп, бір-екі әншіні іздедім. Бірақ оларға шығып, идея айту, ой тастау менің қолымнан келе бермейтін сияқты", - деді ол.

Медеу Арынбаев әнші Kalifarniya-ға ән бермекші болғанын айтты.

"Kalifarniya-ға ән беремін деген ем, бірақ кейін өзім айтып қойдым. Kalifarniya бауырыма кейін басқа әнді беремін", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз