- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Медбикеге қолымның ұшын...
“Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім“. Алтынбек Тәшімбетов кінәсін мойындады
Жалаңаш күйінде ауруханада шу шығарған әнші Алтынбек Тәшімбетов кінәсін мойындады. Енді әкімшілік жазаға тартылып немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Nege.kz тілшісіне берген сұқбатында толық баяндап берген.
Оқиға орын алған күні әнші достарымен караокеге барған, соңында масайып қалып күзетшілермен төбелесіп қалған. Ернінен қан тоқтамай қойған соң оны ауруханаға жеткізген. Бірақ дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген соң әнші ашуға бой алдырғанын мойындады. Алайда медбикеге қолының ұшын да тигізбегенін айтты.
"Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім. Жалаңаш күйде күтіп отырғаныма ашуланып, медициналық көмек дер кезінде көрсетіле қоймаған соң "окошкасын" бүлдірдім. Осындай әрекет жасап, балағат сөз айтқаным үшін әкімшілік жазаға тартылдым. Айыппұл төлейтінім немесе кем дегенде он күнге қамауға алынатыным айтылды. Ақиқаты осы. Бірақ ешкімнің басын жарып, көзін шығармағаным ескеріліп, айыппұл есебінде айыбымды өтейтін болармын деп үміттеніп отырмын", - дейді ол.
Әнші өзі қиратқан "окошканы" жөндетіп беретінін айтты.
Тәшімбетов жалаңаш суретін желіге жариялап жібергендерге ренішін айтты. Ауруханаға бара жатқанда киіммен жүргенін, кейін қан тоқтамай қойған соң киімін шешкенін алға тартқан ол ауруханаға киіммен келгенін жеткізді.
"Жалаңаш тұрған күйімді пайдаланып, оны әлеуметтік желіде таратып жібергеніне күйініп отырмын. Шындығында ауруханаға полицеймен әрі сырт киіммен келген адаммын және олар медициналық көмек көрсетілу қажет болған соң қанға боялған киімімді шешкізген еді. Нәтижесінде көшеде жалаңаш жүрген "чунга-чанга" болдым да қалдым, - дейді ол.
Жақында Алтынбек Тәшімбетовтің жартылай жалаңаш, мас күйіндегі видеосы таралғаны туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева