- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мбаппенің адвокаты қыз...
Мбаппенің адвокаты қыз зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады
"Реал Мадрид" және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің адвокаты Мари-Аликс Кану-Бернар футболшыға жала жапқандардың үстінен шағым түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінген болатын. Ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға барған қонақүйде қыз зорлау дерегі тіркеліп, арыз түскен. Прокуратура күдіктілердің аты-жөнін жариялаудан бас тартқанымен, швециялық басылымдар Килиан күдіктілердің бірі екені туралы жазды. Алайда франциялық футболшы бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
Полиция қонақүйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады. Ал француздық шабуылшының адвокаты тергеу туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін клиентінің үстінен жала жабылғаны туралы шағым түсірмекші. Әзірге Мбаппенің үстінен шағым түскені туралы ақпарат айтылмағандықтан, заңгер іске кіріспегенін айтты.
"Шағымның әлі берілмеуінің жалғыз себебі - осы. Өйткені біз Килианның атына шағым түсіп-түспейтінін әлі білмейміз", - деп хабарлады RMC Sport адвокаттың мәлімдемесін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева