Мбаппе 2026 жылғы ӘЧ алдында жарақат алды: не белгілі?

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақатына байланысты Франция құрамасының жаттығуын мерзімінен бұрын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.

Видеода Мбаппе жарақат алып, жаттығудан ақсаңдап кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның балтыр бұлшықеті зақымданған болуы мүмкін.

Килиан Қазақстан уақытымен 8-нен 9-маусымға қараған түні өтетін Солтүстік Ирландияға қарсы жолдастық кездесуге қатыспауы ықтимал.

Өткен 2025/26 маусымында француз тізе жарақатына байланысты 25 ақпан мен 14 наурыз аралығында мадридтік "Реалдың" 5 матчіне қатыса алмады. Кейінірек мамырда бұлшықет жарақаты салдарынан "Эспаньолға" (3 мамыр) және "Барселонаға" (10 мамыр) қарсы екі ойынды өткізіп алды.

Маусым бойы шабуылшы барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Турнир фавориттерінің бірі саналатын Франция құрамасы I тобында Сенегал (17 мамыр), Ирак (23 мамыр) және Норвегиямен (27 мамыр) ойнайды.

Еске салайық, АҚШ, Мексика және Канадада өтетін Әлем чемпионаты 11 маусымда басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!