Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Атырау облысына жұмыс сапары барысында білім сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударған. Жұлдыз Сүлейменова жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, 5-7-сыныптарға Конституция негіздері, 8-9-сыныптарға Заң және тәртіп пәндерін енгізу, ал 10-11-сыныптарда Құқық негіздерін оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр. Министр оқушылардың білім деңгейін бағалау, сауатын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізілетінін де жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіп жатқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!