- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мәз болып қалдым"....
"Мәз болып қалдым". Айнұр Тұрсынбаева 5 жылдыққа орай күйеуінің берген сыйлығын көрсетті
Фото:
Видеодан алынған кадр
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отасқандарына 5 жыл толуына орай жолдасынан алған сыйлығын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жолдасы 5 жылдыққа орай бриллиант білезік сыйлаған.
"Бүгін Нұрекең "5 жыл саған шыдап келгенім үшін бір шәйға шақырайын" деді. Сөйтіп, аяқ астынан бриллиант білезік алып мәз боп қалдым. Ұмытпапты...Бәсе десең", - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы