Дәрігер табан проблемасы бүкіл денеге қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның айтуынша, майтабандылықты бала кезде аяқты тексеру және аяқкиімнің қалай киілгені арқылы анықтауға болады. Бұл туралы басылымға ортопед дәрігер Иван Кучеев айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
Әлемде 40-80 пайыз адамда "жалпақ табан" диагнозы бар. Көбіне майтабандылыққа әйелдер шалдығады, себебі олар ыңғайсыз аяқкиім киеді.
"Жалпақ табан аяқтың пішінін өзгертеді, осыған байланысты аяқтың қандай да бір функциялары істемей қалуы мүмкін. Жаяу жүргенде бүкіл тірек-қимыл жүйесі шамадан тыс ауырлықты сезіне бастайды", - дейді дәрігер.
Жалпақ табандылық тұқым қуалауы мүмкін, дәлірек айтқанда, диагноздың өзі емес, сіңірдің әлсіздігі, ал бұл ауруға әкеледі.
"Артық салмақ, жеткіліксіз физикалық белсенділік, "отырып" және "тұрып тұратын" жұмыстар ауруға шалдығу мүмкіндігін арттырады. Алдымен жай жүргеннің өзінде аяқ ауырып бастайды, кейін тіпті бастыртпай қалуы мүмкін", - дейді Кучеев.
Дәрігердің айтуынша, жалпақ табанның дамуын мына белгілері арқылы анықтауға болады:
Майтабандылық бейжай қарайтын аурудың түрі болып көрінеді. Шын мәнінде, аяқ проблемасы бүкіл денеге әсер етеді. Ол аяқ буындарының артрозына, омыртқа проблемаларына себеп болуы мүмкін. Егер табан ауыратын болса, онда бүкіл денеге әсер етеді. Ал әскери аяқкиімнің табаны толықтай жалпақ, оны киген кезде майтабаны бар адамның аяғы ауырып, тіпті жүре алмай қалуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!