- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам өлімі
“Мәйіті пакетке салынған“. Алматыда әйел өлі табылды
Алматының Түрксіб ауданында әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат желіде тарады. Онда әйелдің мәйіті пакетке салынғаны және оның жасы шамамен 45-50-де екені айтылады.
@almatinec_life #алматы #almaty ♬ оригинальный звук - АЛМАТИНЕЦ
Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.
Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысы Шет ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан 45 жастағы әйел өлі табылғанын жазған едік.
Әлеуметтік желілерде әйелдің фермада аспаз болып жұмыс істегені, ал оны өлтірді деген күдікке күйеуінің ілінгені айтылады. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан