- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Майшам жағамыз". Алматы...
"Майшам жағамыз". Алматы облысында тұрғындар жарықтың жоқтығына наразылық білдірді
"Жылда уәдеге сеніп, әлі де жарыққа жарымай отырмыз" деген Исаев ауылының азаматтары көшеге өздері тас төсеп, инфрақұрылымды жақсартуға көшкен. Олар әкімдіктің жарық жайын реттемегеніне наразы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Тұрғындар жарыққа ақша төлегенімен пайдаланнбайтынын айтты.
"Жарыққа 24,90 теңге төлейміз. Бірақ жарық жоқ. Халықтың заттары түгел кредитке алынған. Бәрі шетінен жанып, күйетіні күйіп жатыр. Кешке қарай бала-шағамызға сабақ оқитын ешқандай мүмкіндік жоқ. Май шамын дайындап, жанымызда отырады. Жаңа бір ата-ана "сағат 3:00-де тұрып, кір жуамын" деп айтты", – деді Исаев ауылының тұрғыны Дидар Ережепова.
"Күте-күте күдер үзілді" деген ел бүгін де округ әкімінің уәдесін тыңдап қайтты. Атқамінердің айтуына сенсек, қосалқы станса қосылса, жарықтың жағдайы жақсарады. Ол күн де алыс емес.
"Елдімекенде шағын 9 ауыл болған. Қазір олардың аумағы үлкейді. "Көкөзек" қосалқы стансасының жұмысы бір ай көлемінде аяқталады. Исаев ауылы сол стансаға қосылады", – деді Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатов.
Айта кетейік, қараңғы көшемен батпақ кешіп, ескіден есі шыққан Исаев ауыл тұрғындары ғана емес. Әкім Елтай ауылдық округіне қарасты біраз ауыл азаматының арманын жаттап алған. Бірақ бөркін аспанға атқан ешкім жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы