- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маймылдан сәл әдемі...
"Маймылдан сәл әдемі болса болды" деп сұрауға болмайды. Мұхамеджан Тазабек қыздарға кеңес берді
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек қыздардың жігітін "маймылдан сәл әдемі болсын" деп тілеуі дұрыс емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Құдайдан сұрағанда, болашақ жұбайының бар жақсы қасиетін тізу керек.
"Жігіттің түрі әйтеуір маймылдан жақсы болса болды" деген сияқты сұрауға болмайды. Кейде қыздар солай қалжыңдап жатады. Маймылдан сәл әдемі жігітті не істейсің? Сенің құрбыларың сұлу, көркем күйеулерімен өмір сүріп жатқан кезде маймылдан сәл әдемі күйеуіңнен қысылуың мүмкін немесе сол күйеуіңнен туған қызыңның түрі онша емес болып қалса, өзің Құдайдан тілеп алдың. Барлық жақсы қасиеттерімен ауызды толтырып Алладан сұраған жақсы. Алла міндетті түрде береді, Алланың қазынасы кең", - дейді Мұхамеджан Тазабек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары да оның сөзінің жаны бар екенін айтып қолдаған.
"Аға, бұл жерде ердің еркектігі түрінде емес ісінде деген мағына ғой. Сіздің де айтқаныңызға қосыламын", "Алладан дұға тілек сұрағанда да абай болу керек қой негізі", "Қазекем айтады ғой "Түйе сұрасаң, бие береді" деп, ең биігін, ең қайырын сұраңдар...", "Өте дұрыс айтасыз. Алла тағаладан жақсы сұрасаң жақсыны аямай береді", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова