- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Майқайыңдағы автобус трагедиясы:...
Майқайыңдағы автобус трагедиясы: комиссия қауіпті бағалайды
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында шұңқырға құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қауіпті жағдайда жүргізіліп жатыр. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, комиссия алдағы уақытта құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін зерделейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шұңқыр түбіндегі георадарлық профильдерді сканерлеу нәтижесі бойынша, топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Нысандардың маңында да, астында да қуыстар мен бос орындар бар. Опырылу және топырақтың сырғу қаупі өте жоғары", - деп түсіндірді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Шұңқыр түбінде экскаватор мен мамандар 4 ақпанда бұрынғы режимде жұмыс істеді. Бірақ опырылу қаупі әлі де бар.
"Қазір опырудың барлық периметрін зерттеу үшін комиссия құрылып жатыр, комиссия одан әрі жұмыс жүргізуге рұқсат ету-етпеуді анықтау үшін тау-кен массасын зерттейді", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек