- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Майқайыңдағы апат: алты...
Майқайыңдағы апат: алты адам ұсталды
Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт тау-кен құтқарушысының қаза болуы туралы іс бойынша "Майқайыңалтын" АҚ қызметкерлері қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында "Майқайыңалтын" АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болғн төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.
Ал Айдос Шаймерден 19 шілдеде табылды. Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина