Майқайыңда автобуспен бірге орға құлап табылмай кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары қайта жанданды, - деген ақпарат тарады. Бұл туралы жоғалған адамдардың жақын туыстарына сілтеме жасап түрлі ақпарат көздері жазуда. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі "Майқайыңалтын" АҚ-ның жаңадан тағайындалған басшылығына хабарласқан.
Басшылық іздестіру жұмыстарының жанданғанын жоққа шығарды.
"Қазір тек дайындық шаралары атқарылып жатыр", - дейді кен байыту комбинатының жетекшісі.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айының төртіне қараған түні Майқайың шахтасында опырылған шұңқырға ішінде төрт адамы бар автобус құлап кетті. Екі құтарушының денесі ертеңінде табылған. Ал, тағы бір құтқарушы мен автобус жүргізушісі сол күйі жоқ болды.
Е.Базарқұл
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз