Майқайыңда тағы бір төтенше жағдай болды

Павлодар облысының Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай болды. Кентті ауыз сумен жабдықтайтын құбырдан ақау шыққан. Ақаудың учаскесі "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 шақырым қашықта орналасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға болған жерге өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД бастығы барып, жедел штаб ұйымдастырылды.

"Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК күштерімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, сол жерде Павлодар облысы ТЖД және "Майқайың-алтын" АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпаратта атап өтілгендей, Майқайың кентінің тұрғындары судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізіліп жатыр. Анықталған ақау жойылғаннан кейін толыққанды беру қайта басталады. Айта кетерлігі, Майқайың кентінде 10 мыңға жуық халық тұрады.

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!