Павлодар облысында "Майқайың Алтын" АҚ аумағында тереңдігі 25 қабатты дерлік шұңқырға құлап кеткен автобус пен із-түзсіз жоғалған екі тау-кен құтқарушысын іздеу бойынша шұғыл-құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазба орнында шұңқыр пайда болды. Оның тереңдігі үш метрдей. Шұңқырдың түбінде де қуыстар бар. Шұғыл түрде экскаватор мен мамандар жер бетіне шығарылды. Жұмыстар қатердің күшеюіне байланысты уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қазір шұңқыр эндокамераның көмегімен зерттеліп жатыр. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі екінші рет құлау қаупі артқанын хабарлаған болатын. "Майқайың Алтын" АҚ аумағында опырылған жердің периметрі бойынша жарықтар пайда болғаны атап өтілді. Бұл өте қауіпті.
Бұрын кішірек жарықтар пайда болған кезде, шұңқыр пайда болған еді. Құлау қаупінен басқа, жұмысты нөлден төмен температура мен күшті қарлы боран қиындатады. Мұның барлығы құтқарушылардың өміріне қауіп төндіреді.
"Майқайың Алтын" АҚ аумағындағы авариялық-құтқару жұмыстарына шахта басқармасы жетекшілік ететіні және оны жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, бұл жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы екені хабарланды. Бірінші кезектегі мәселе, төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару үшін барлық мүмкін шаралар іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!