Майқайыңда шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылды

Майқайың шахтасында шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Майқайың алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар6 гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталып жатыр. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті", - деп жазады Асайын Байханов

Қазір бұл - шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды. 

Е.Базарқұл

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!