Майқайыңда шұңқырдың түбіндегі габаритті емес тас толығымен бөлшектелді
"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелді. Оның ұзындығы 8 метр, ені 7 метр, қалыңдығы шамамен 2 метр болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастырып жатыр. Опырылған жердің түпкі жағында басқа да үлкен тастар бар. Сонымен қатар оларды экскаватор гидравликалық балғаның көмегімен бөлшектейді.
29 қаңтарда опырылған жердің түбінен қосалқы дөңгелек пен автобустың басқа бөліктері табылды. Жұмыс жалғасып жатыр.
Опырылған жердің түпкі жағында операцияны жүргізуге солтүстік беткейде бір экскаватор, гидравликалық балға саптамасы бар бір экскаватор, тролльдерді созуға екі бульдозер, экскаваторларды сақтандыруға екі бульдозер, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 15 құтқарушысы, КӘАҚҚ РОШ 15 құтқарушысы, 2 тау-кен инженері жұмылдырылды.
"Тау жыныстарының үнемі сырғуына байланысты опырылған жердің түбіндегі жұмыстарға көп техника мен маманды тарту мүмкін емес. Құтқарушылардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан бір немесе екі шағын экскаватор және техниканың бағытын үйлестіру үшін бірнеше маман түбіне түседі, қалғандары жиегінен қызметкерлерді сақтандыру кабельдерінің көмегімен шығарып алу үшін шетінен сақтандырылады", - делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 бірлік техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан