"Майқайыңалтында" мерт болған Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"198 күн бойы мен соның басында жүрдім. Күніне кемінде екі рет шұңқырдың басына келіп жүрдім. Сол кезде сіздердің өмірлеріңізге қауіп төнгенін өз көзіммен көрдім. Экскаваторлар бір жаққа қисайып жатқанын да көрдім. Бірақ соған қарамастан азаматтарды алып шыққандарыңыз үшін рақмет айтамын.
Бірінші айда оны тірі деп ойладық. Демалып жатқан шығар деп үміт ұялаттық. Бірақ өкінішке қарай, олай болмай шықты", - дейді марқұмның әйелі.
Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болғн төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.
Ал Айдос Шаймерден 19 шілдеде табылды. Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!