Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына қандай көмек көрсетілді?

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына қандай көмек көрсетілді?
Фото: Валерия Бугаева

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкім Олег Тышкевич пен Сарқыт Бердіқан,  дәл 4 қаңтарда оқиға болған күні табылғанын, ал Айдос Шаймерден 19 шілде, Айып Төлеуберген 25 шілде табылғанын айтты. Сондай-ақ, ол қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты. 

  • Айдос Шаймерденнің отбасына "Майқайыңалтын" АҚ мен ПВААС-тан 52,6 миллион теңге, отбасының 10,9 миллион теңге несиесі өтелді, Павлодарда 4 бөлмелі пәтер беріліп, кәмелетке толмаған 5 баласына ай сайын 259,6 мың теңге төленеді. 
  • Сарқыт Бердіқанның отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 39,9 миллион теңге, отбасының 1 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған 2 баласына ай сайын 104,2 мың теңге төленеді. 
  • Олег Тышкевичтің отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 14,9 миллион теңге, отбасының 1,5 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған балаларына біржолғы 716 мың теңге төленеді.
  • Айып Төлеубергеннің отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 17,2 миллион теңге, отбасының 14,4 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған 1 баласына ай сайын 187,9 мың теңге төленеді. 

"Олег Тышкевичтің 2 баласы бар. Олар үлкен кенжесі 23-те. Олар сотқа шағымданды. Соттың аппеляциялық инстанциясында әр баласына 7,5 миллион теңге деп өзгертілді. Мен сот шешіміне пікір білдіре алмаймын. Біз оған араласа алмаймыз. Жалпы 183 миллион теңгеге 4 отбасыға жәрдем көрсетілді. Өтемақы толығымен беріліп қойды", - деді ол. 

Бұған дейін не белгілі болды?

Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болған төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.

Ал Айдос Шаймерден 19 шілдеде табылды. Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.

Кім ұсталды?

Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт тау-кен құтқарушысының қаза болуы туралы іс бойынша "Майқайыңалтын" АҚ қызметкерлері қамауға алынды.

Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы не белгілі? 

Кейін Майқайыңда қаза тапқан құтқарушы Олег Тишкевичтің туыстарына өтемақы төрт есеге қысқарды. 

Талап қоюшылар еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған Тишкевичтің жақын туыстары, Екібастұз қалалық сотына кінәлі болып табылған "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-нан әрқайсысына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 30 000 000 теңгеден жалпы 120 000 000 теңге соманы өндіруді сұраған.

Екібастұз қалалық сотының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі шешімімен талап қою толығымен қанағаттандырылды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, әрқайсысының пайдасына моральдық шығын көлемі 7 500 000 теңгеге дейін азайтылды.

Бұл ретте сот алқасы келесіні ескерді: моральдық зиянның өтемақы мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметімен байланысты өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні, жұмыс берушінің кінәсін 100 пайыз анықтаған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп-тексеру актісін басшылыққа алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек