Майқайыңда ер адам жүк тиеу машинасының дөңгелегі астында қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Майқайыңалтын" АҚ-ның 140 метр тереңдігінде болған. Жүк тиеу және жеткізу көлігінің жүргізушісі артқа қарай келе жатып, 32 жастағы механикті басып өтті. Көлік астында қалған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиғаны Павлодар облысының еңбек басқармасы растады.
"Тергеу жүргізіліп жатыр, оның себептері мен жағдайлары тергеу нәтижелері бойынша анықталады", - деп хабарлады ведомство.
Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтады.
"Полиция бөліміне техниканың жүргізушісі жеткізілді. Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары да оқиғаның себебі мен егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!