"Майқайыңалтын" АҚ шахтасында автобус жатуы мүмкін жерде бос орындардың болуы және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупінен барлық маманның өміріне үлкен қауіп төніп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жұмыстар барлық қауіпсіздік шарасы сақтала отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселді және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватордың түсірілді. Автобус жатқан жерге қазба жұмыстары жүргізіліп, оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды", - делінген хабарламада.
Ведомство жұмыстарды жүргізу тау жыныстарының тұрақсыздығына және топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуына байланысты қиындай түскенін хабарлады.
"Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылды. Автобус жатуы мүмкін жерде бос орындардың болуы және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі болғандықтан, барлық маманның өміріне үлкен қауіп төніп тұр", - деп хабарлады министрлік.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары халықаралық тәжірибені зерделеп, таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен кеңестер өткізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!