Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет.
Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр.
Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.
Еске салайық, 9 қаңтарда Майқайың кенішінде ойыққа маркшейдер мен құтқарушылар түсетіні хабарланған еді. Мамандар топырақтың қозғалысы мен шұңқыр түбінің өзгерісін анықтайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!