Майқайың кенішінде ойыққа маркшейдер мен құтқарушылар түседі

Майқайың кенішінде ойыққа маркшейдер мен құтқарушылар түседі. Мамандар топырақтың қозғалысы мен шұңқыр түбінің өзгерісін анықтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары орнынан 70 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

"Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 9 қаңтарда төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларын маркшейдер маманмен бірге топырақтың қозғалысын және шұңқыр түбінің өзгерісін анықтау үшін төменге түсіру жоспарланған", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.

Ауыр техниканың көмегімен автобустың орналасуы мүмкін жерге өту жолын тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 49 техника, үш кинологиялық есеп және екі ұшқышсыз ұшу аппараты – дрон жұмылдырылды.

Еске салайық, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ-ның алтын кенішіндегі ойыққа түсіп кеткен автобусты шығару жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтқан еді. Қазақстандық құтқарушылар мұндай жағдайға бірінші рет тап болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!