Майқайың кен байыту комбинатының жұмысы қайта жанданды

Жұмысы тоқтап қалған "Майқайыңалтын" АҚ қайтадан жанданды. Кәсіпорын шикізатты көрші ауылдағы кен орнынан алатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Майқайыңдағы кен байыту комбинаты 19-ақпан күні жұмысын тоқтатқанын ресми хабарлаған. Себеп ретінде руда қорының таусылғанын алға тартты. Осы уақытқа дейін шахтада қызмет ететін мыңнан аса жұмысшы мәжбүрлі демалысқа жіберіліп, оларға сәуір айына дейін 50% жалақы төлеу қарастырылған еді.

"Кешеден бері комбинат жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Руданы осы аумақтағы "Сувинерный" кенішінен алатын болдық Алғашқы төрт жарым мың тонна кен жеткізілді. Дүйсенбі күні аталған кеніштен бірнеше ай бойы шикізат алып отыру үшін келісім шарт жасалады", - дейді "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қуаныш Ботин.

Әзірге жұмысқа 750 адам қайта оралды. Өйткені, апатқа байланысты екі айдан бері шахта жұмысы тоқтап тұр. Орға құлаған автобус ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ. Апат болған жер астында дайындап қойған 1 миллионна тоннадан артық руда қоры бар.

Е.Базарқұл

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!