Украина президенті Владимир Зеленский соғыстағы негізгі ошақтарды атады. Сондай-ақ, АҚШ ресми өкілі ушыққан ахуал салдарынан аштыққа ұшырағандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Massaget.kz тілшісі Украинада болған кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Зеленский майдандағы негізгі ошақтарды атады
Украина президенті Владимир Зеленский күнделікті бейнеүндеуінде ең ауыр шайқастар Соледар мен Бахмут маңында өтіп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, ол әлемде "Ресейді лаңкестік мемлекет деп ресми түрде тануға тұрарлық па?" деген күмән жоғын атап өтті. Зеленский Соледар мен Бахмут маңында, сондай-ақ, басқа да бағыттардағы қызметін ерлікпен атқарып жүрген украиналық жауынгерлерге алғыс айтты.
Украинадағы соғыс салдарынан аштық болады - АҚШ мемлекеттік хатшысы
Украинадағы соғыстың зардабынан әлемдегі 70 миллионға жуық халық азық-түлік тұрақсыздығына тап болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Дүниежүзілік азық-түлік күні қарсаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2022 жылдың басында 190 миллионнан аса адам азық-түлік тұрақсыздығына тап болған.
"Украинадағы соғыс оларға тағы 70 миллион адам қосуы мүмкін. Миллиондаған адам аштыққа тап болады", - деді Блинкен.
Беларусь Украинамен шекараны нығайту керегін мәлімдеді
Беларусь Украинамен шекараны нығайтуға шешім қабылдады. Сондықтан "күшейтілген шекара нарядтары мен аумақтық шекара қызметі органдарының маневрлік топтары" шығарылатыны белгілі болды. Бұл туралы Беларусь БАҚ шекара комитетіне сілтеме жасап хабарлады. Ведомство өкілі Антон Бычковскийдің сөзінше, шешім "Украина тарапынан барлау белсенділігі өсуіне" байланысты қабылданған.
"АҚШ Ресейдің кез келген ядролық соққысына жауап береді"
АҚШ Ресейге құқықбұзушылықтың қандай түрі болғанына қарамастан, ядролық қаруды қолдануға жауап беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы CNN эфирінде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан айтты.
Оның сөзінше, АҚШ НАТО-ның одақтастарымен және серіктестерімен, бүкіл әлемдегі басқа жауапты елдермен, соның ішінде Қытай және Үндістанмен бірлесіп, Ресейге бұл қақтығыста ядролық қару қолданбауы туралы өте айқын және шешуші хабарлама жіберуге міндетті.
Украинаның алға жылжу әрекетіне тойтарыс берілді - Ресей
Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков Ресей әскері Украинаның Купян, Краснолиманск, Запорожье, Криворожье, Андреевск және Николаевтағы әскери әрекеттеріне тойтарыс бергенін мәлімдеді. Ол "қатал шайқастар кезінде Ресей әскери бөлімшелері жауға айтарлықтай шығын келтіріп, позицияларын ұстағанын" айтты.
Бейжің өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырды
Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтарын елдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты сақтық шараларын күшейтуге және Украинадан эвакуациялауға шақырды.
"Елшілік мұқтаж адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыруға көмектеседі", - деді қытайлық дипломат Чжан Мейфан Twitter-де.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!