Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы екінші айналым матчі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Путинцева бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және матч барысында алған үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.
Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі.
Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 доллар (шамамен 9,08 миллиард теңге), ал жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.
Турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!