"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 Орал-Маңғыстау бағытындағы пойыз құрамына әйелдер вагонын қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осылайша олардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:
Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.
Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін "ӘВ" (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!