- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маусымда қай өңірлерде...
Маусымда қай өңірлерде құрғақшылық болатыны айтылды
Фото:
pexels.com
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық аймақтары күтіледі.
Бірқалыпты құрғақшылық:
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданында
- сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында болады.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина