Маусымда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдардың әсері көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, жаздың алғашқы айында магниттік дауылдар көп болмайды.

tesis.xras.ru

Олардың болжамы бойынша, 18 маусым күні магниттік дауыл күтіледі. Сондай-ақ магнитосфераның бұзылған күйі 2 маусымда басталып, 4 маусымға дейін жалғасады. Сол секілді 19, 20, 25 маусым күндері де белсенділік байқалады.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз.