- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маусымда қандай ауа...
Маусымда қандай ауа райы күтіледі?
Синоптиктер маусым айында елімізде қандай ауа райының күтілетінін айтты.
"Болжам бойынша, биыл маусым айында температуралық режим көпжылдық мәнге жақын болады: елдің солтүстігінде температура теріс бағытта, оңтүстігінде оң бағытта ауытқиды. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық, тек Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады", − делінген хабарламада.
Синоптиктер маусым айында үш рет суық түсіп, соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтты. "Айдың басында суық және ылғалды ауа массасымен циклон келіп, елдің солтүстігінде ауа температурасы 1-6 градус жылы болса, қалған өңірлерде 2 градусқа дейін суық болады", − деді мамандар.
Қазақстанның батысында қысқамерзімді найзағайлы жаңбыр түнде 7-12 градус, күндіз 12-20 градус, ал оңтүсітігінде түнде 10-18 градус, күндіз 27-35 градус ыстыққа әкеледі. "Кейін Орталық Азиядан келген жылы ауа массасының әсерінен солтүстікте күндіз 23-31 градусқа, оңтүстікте 33-40 градусқа дейін ыстық болады. Қалған екі суық толқынды айдың ортасы мен соңында күтуге болады", − деді синоптиктер.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін