- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маусым айында қай...
Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Синоптиктер маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мына аймақтарда атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін:
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
- Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет ауданында;
- Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
- Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
- Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
- Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
Маусымда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде күтіледі.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина