Сыртқы істер министрлігі Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Рим Папасының қабылдауында болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы жылдың 4-5 сәуірінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Ватиканға жұмыс сапары жоспарланған.
Ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында Рим Папасы Францисктің қабылдауында болады. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев пен Парламент Сенатының төрағасы Игнацио Ла Руссаның кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар Сенат төрағасы "Біздің ортақ үйіміз – сүюді және қамқорлықты қажет ететін илаһи сый"атты дөңгелек үстелге қатысады.
2021 жылғы қарашада Мәулен Әшімбаев Ватиканда Рим Папасымен кездесіп, одан кейін оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға келуге шақырғанын жеткізген еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!