Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылды қалай қарсы алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа жылды басқа қазақстандықтар сияқты үйде отбасымның жанында: ата-анаммен, балалармен қарсы алуды жоспарлап отырмын. Бұдан асқан бақыт бар ма? Жыл бойы көптеген іс-шара болды, көптеген заң қабылдадық. Сондықтан Жаңа жылды отбасының жанында атап өту керек. Отбасы және балалармен, немереммен сөйлесу қажет. Менің ойымша, Жаңа жыл мерекесі - отбасымен бірге атап өтуге берілген жақсы мүмкіндік", - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан тұрғындарына өз тілегін жеткізді.
"Барша қазақстандыққа амандық, әл-ауқат және барлық жоспарыңыздың іске асуын тілеймін. Елімізде тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім болсын", - деді спикер.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!