Палата отырысында Мәулен Әшімбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатында қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кеше Маңғыстау облысында болған ұшақ апаты бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Өкінішке қарай, апат салдарынан экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза тапты. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар екені белгілі. Осыған байланысты барлық қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Төтенше жағдайға байланысты Президентіміздің тапсырмасымен мемлекеттік комиссиямыз құрылды, соған сәйкес тиісті органдар дереу іске кірісіп, құтқару операциясы аясында қажетті шаралар қабылданды. Дер кезінде қолға алынған осындай жұмыстар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз", - деді Сенат төрағасы.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет