- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Массаж және тұздалған...
Массаж және тұздалған тағам жеу: үй жағдайында төмен қан қысымын көтерудің 6 әдісі
Адамның қан қысымы төмендеп кетсе, басы айналып, әлсіз болады. Тым төмен түсіп кеткен қан қысымын дәрісіз қалай көтеруге болады? Бұл сұраққа фармаколог Яна Белоусова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Почему болитке сілтеме жасап.
"Тонометр 90/60-ты көрсетсе, алаңдайтын ештеңе жоқ, себебі бұл шекаралық көрсеткіш. Егер систолалық қысым 100-ден төмен, ал диастолалық 60-тан төмен болса, онда әрекет етуге болады", - деп түсіндірді дәрігер.
Гипортония кезінде стресс, ұйқының қанбауы, шаршау, психологиялық күйзеліс пен жарақат пайда болады.
Төмен қан қысымын көтеруге көмектесетін әдіс-тәсілдер:
1. Сұйықтықты көбірек ішіңіз. Бұл айналымдағы қан көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.
"Жүрекке қатты стресс болмас үшін аз мөлшерде жайдлап ішу керек", - деп ескертті терапевт.
2. Тұзды тағамдарды жеу. Мұндай тағам сұйықтықты ұстап тұрады, бұл айналымдағы қан көлемін арттырады, демек қысым да көтеріледі;
3. Таза ауамен дем алыңыз;
4. Қою қара шай немесе кофе ішіңіз.;
5. Аяғыңызды жоғары көтеріп жатыңыз;
6. Мойын-алқым аумағын уқалаңыз.
Гипотония (гипотензия) бастапқы, қайталама, созылмалы және жедел болып төртке бөлінеді.
"Егер сізде гипотонияның жедел түрі болса, қан қысымын үй жағдайында көтеру мүмкін емес, өйткені оның себебі іште қан кету болуы мүмкін. Емді тек тәжірибелі дәрігер жүргізеді!"- деп ескертті дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін қан қысымы неліктен төмен болатыны хабарланған болатын.
- Жүйкенің шаршауы;
- Дұрыс тамақтанбау;
- Е, С, В дәрумендерінің жетіспеуі;
- Жалпы иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық аурулар;
- Ауа райына тәуелділік;
- Кей дәрілердің әсері;
- Жүрек-қан тамырлар ауруларының белгісі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күніне 10 мың қадам жүрсе не болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә