Тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқару органына берілген самурай қылышы және ұлттық өрнегі бар былғары белдік 20 ақпанда сатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл заттар Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген мүліктің сипаттамасына сәйкес келеді. Аукцион 20 ақпанда электрон сауда порталында өткен.
Самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатылған. Бұл бастапқы бағасынан (461 312 теңге) 7 есе көп. Қылыштың жүзі болаттан жасалған, қынабы қара түсті, ал сабы геометриялық өрнекпен бедерленген.
Аукционға алты үміткер қатысып, әрқайсы 69 мың теңге көлемінде кепілдік жарна енгізген.
Ұлттық өрнегі бар былғары белдік 524 261 теңгеге сатылды. Бастапқы бағасы 183 750 теңге болған. Аукционға төрт үміткер қатысқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!