Сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен люкс қаламдар, қылыштар мен қанжарлар сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды.
Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда сағат 12.00-де өтеді.
Аукционға екі қалам шығарылды:
Тізімде кәдесый ретіндегі монеталар да бар:
Сонымен қатар, 183 750 теңгеге бағаланған былғары белдік сатылымға қойылды.
Қылыштар ерекше қызығушылық тудырады, бірінің бағасы 930 мың теңгеден, енді бірінің бағасы 837 мың теңгеден басталады.
Ең төменгі баға "Айбалта" балталарына қойылған, 38 400 теңгеге бағаланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!