Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласына іздеу жарияланды

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы Азамат Кәпеновке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. 

Кәпенов 9 тамыздан бері іздеуде. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 

Азамат Кәпенов 46 жаста. Ол - "Қазтеміртранс" АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!