- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәсімовті қамау мерзімі...
Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды
ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"К.К. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-тармағы, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күзетпен ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 тамызға дейін, Ерғожинге 13 тамызға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылды. Кейінірек оның ұсталғаны хабарланды. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасарлары да ұсталғаны белгілі болды.
Ж. Қадыржанова