Сыртқы істер министрлігі өкілі ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Венгрия азаматтығын алғаны туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұған дейін де Кәрім Мәсімовтің қос азаматтығы туралы сұрақ қойған едік. Сонда сіз мұндай ақпарат білмейтініңізді айттыңыз. Бір апта өтті, Мәсімовте Венгрия азаматтығы бар-жоғын анықтадыңыз ба" - деп сұраған журналист.
"Венгрия тарапы бізге берген ақпарат бойынша, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынады және басқа елдің азаматтығын алған адам бірден біздің азаматтығымыздан айырылады", - деп жауап берді сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жеткені белгілі болған еді.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімов ісі туралы не ойлайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!