- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Масляковтың қабірін қиратқан...
Масляковтың қабірін қиратқан адам психиатриялық ауруханаға жіберілді
Жақында қайтыс болған КВН жүргізушісі Масляковтың қабірін қиратқан адамды психиатриялық ауруханаға жатқызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Тележүргізуші Александр Масляковтың қабірін қорлаған ер адам Мәскеудегі Алексеев атындағы 1-психиатриялық клиникалық ауруханаға жіберілді. Емхананың дәрігерлері диагнозды нақтыламай-ақ оның ауруханаға жатқызылғанын растаған.
Бұған дейін құқық қорғау органдары жас жігіттің психикалық ауруының өршуімен емдеу мекемесіне жіберілгенін хабарлаған болатын.
Еске салайық, 8 қыркүйек күні Масляковтың ұзақ уақыт ауырып, қайтыс болғаны белгілі болды. Александр Масляков – КВН ойындарын 60 жылдан астам жүргізген.
Масляков өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болған.
22 қыркүйекте Мәскеуде вандал жақында қайтыс болған КВН жүргізушісі Александр Масляковтың қабірін қиратып кеткен болатын. Қабірді қиратпас бұрын вандал тележүргізушінің "ол жерде жатуға лайық емес" екенін айтқан. Марқұмның отбасы мен зират әкімшілігі полицияға арыз жазған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева