- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанға...
Мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды талқылайды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесін көпшілік тыңдауларда қарастырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тыңдаулардың анонсы мәслихат сайтында жарияланды.
"2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына" Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" мәселе шығарылады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжілістің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина