Мәскеуге сапары қарсаңында ресейлік БАҚ-та Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында "Российская газета" басылымында "Вечная дружба - путеводная звезда для наших народов" атты мақаласы жарық көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақалада Қазақстан мен Ресей сапалы әрі мазмұнды стратегиялық әріптестік, одақтастық құра алғаны айтылған.

"Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы бүкіл еуразиялық кеңістіктегі көптеген іргелі процеске шешуші әсер ететінін тағы да атап өткім келеді", - деп жазылған мақалада.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ, Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!