Мәскеуден Ақтауға шыққан рейс бір сағаттан кейін Шереметьево әуежайына оралды, - деп хабарлайды "Москва 24".
Su-6525 "Россия" ресейлік әуекомпаниясының рейсі 10 шілдеде 12.00-де (Мәскеу уақыты бойынша) Мәскеу - Ақтау бағыты бойынша келе жатып, бір сағаттан кейін әуежайға оралған. Жолаушының сөзінше, ұшақты жедел жәрдем мен полиция күтіп алған. Ал экипаж мүшелері жолаушылар келесі ұшақпен ұшып кете алатынын айтқан. Басқа мән-жай белгісіз.
Әуежай таблосының мәліметінше, ұшақ төрт сағаттан кейін Мәскеуден ұшып, Ақтауға астана уақыты бойынша 22.29-да келген.