"Крокус Сити Холда" болған терактке қатысты сегізінші айыпталушы Мәскеудің Басман сотына жеткізілді. Ол - Красногорск қаласының кәсіпкері Әлішер Қасымов. Қасымов террористерге пәтер жалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік Telegram-арналарға сілтеме жасап.
32 жастағы кәсіпкер Әлішер Қасымов - "Крокустағы" террористік акті бойынша сегізінші күдікті. Ол да 22 мамырға дейін қамауға алынды.
"Қасымов - Ресей Федерациясының азаматы, Қырғызстаннан келген. Үйленген, үш баласы бар, Путилковта шайханасы бар", - деп жазылған арна мәліметінде.
Ол Красногорскідегі пәтеріне кімді кіргізгенін білмегенін айтты. Кәсіпкердің сөзінше, жылжымайтын мүлік ипотекамен алынған, ал тұрғындарды интернеттен тапқан. Сондай-ақ, кәсіпкер бастапқыда пәтерін славяндарға тапсырғысы келгенін, бірақ Фаридуни Шамсиддин уақытында төлеуге уәде еткеннен кейін бергенін жеткізген.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.
Кейінгі мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 133 адам қаза тауып, 140 адам жараланған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз