Мәскеудегі терактке қатысты күмәнді жазбалар жазған суретші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash на Мойке Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Арна дерегінше, суретші Николай Конашенок терроризмді көпшілік алдында ақтау туралы қылмыстық іс бойынша күдікті болып отыр. Ол кеше Крокустағы шабуыл туралы екі күмәнді жазбасы үшін ұсталды.
"Николай Ереванға қашып кетпек болды, бірақ Пулковода полиция ұстап, бөлімге жеткізді. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 2-бөлігі бойынша Конашенок жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп жазылған деректе.
Бұған дейін оның жазбалары экстремизмге байланысты тексерілді.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.
Кейінгі мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 133 адам қаза тауып, 140 адам жараланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!