- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәскеуде терроризмге қарсы...
Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі жарияланды
26 маусым Мәскеуде демалыс күн болып жарияланды. Бұл жайлы мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің telegram-каналында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресейдегі жағдайды "қиын" деп, 26 маусым, дүйсенбі күнді Мәскеуде демалыс күн деп хабарлады.
"Құрметті қала тұрғындары, Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі жарияланды. Жағдай қиын.
Мен қауіпті барынша азайту мақсатында жедел штаб аясында билік органдары мен үздіксіз циклдегі кәсіпорындарды, әскери-өнеркәсіптік кешен мен қалалық қызметтерді қоспағанда, дүйсенбі күнін жұмыс емес күн деп жариялау туралы шешім қабылдадым.
Мүмкіндігінше қала ішінде жүрмеулеріңізді сұраймын. Кей кварталдар мен жолдар жабылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар жайлы бірден 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.
Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.
БАҚ Ресейде әскери төңкеріс басталғанын хабарлады: елде не болып жатыр?
А. Жапатова