Өзбекстан азаматы Мәскеуде әскери комиссарияттан шақырту алды. Бұл туралы Mediazona Central Asia хабарлады.
"Мен Мәскеуде тұрамын, бірақ мен ешқашан Ресей азаматы болған емеспін. Тиісінше, менде ешқандай әскери есеп жоқ. Мен Өзбекстан елшілігіне хабарластым, олар маған келіп арыз жазуымды айтты, сонымен қатар шақырту бойынша ешқайда бармайтынымды ескертті", - деді Сирож Набиев.
Басылымның хабарына қарағанда, бұл Ресейде шетелдіктерді әскерге шақыртқа алғашқы оқиға емес. Қазан айының басында Петербургте Қазақстан азаматын осылайша әскерге шақыру әрекеті болғаны хабарланған. Жергілікті әскери комиссариат шақырту қағазының "қателіктен" шыққанын мойындаған.
Бұған қоса, БАҚ Владимир Путин жариялаған "жартылай" мобилизациядан кейін Санкт-Петербургтен Владивостокқа дейін Ресейдің әртүрлі қалаларында тұратын жүздеген тәжікстандықтардың әскерге шақырту алғанын хабарлады.
Бұған дейін Мәскеу облысының Подольск қаласында Өзбекстан азаматына әскери комиссариатқа келуді талап еткен шақыру қағазы тапсырылғаны да хабарланған.