- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәскеуде қазақстандық-ресейлік инвестициялық...
Мәскеуде қазақстандық-ресейлік инвестициялық конференция өтті
Кеше РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасында "Қазақстандық-ресейлік инвестициялық сұхбат: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері" атты тақырыппен бірлескен іскерлік конференция өтті.
Іс-шараны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, ҚР РФ-дағы Сауда өкілдігімен, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Ресейдің сауда-өнеркәсіптік палатасы бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Ресей Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкин, ЕЭК Коллегияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (министрі) Тимур Сүлейменов, Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Болат Иманбаев, "KAZNEX INVEST" Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, "Шымкент" ӘКК" басқармасының төрағасы Талғат Алпысбаев, "ТОБОЛ" ӘКК" басқармасының төрағасы Арман Алиев, Еуразиялық даму банкінің басқару директоры Нико Вардапетян, Ресейдің аймақтық сауда-өнеркәсіптік палаталарының өкілдері және қазақстандық-ресейлік кәсіпкерлері қатысты.
Екіжақты инвестициялық ынтымақтастыққа қатысушылар ықпалдастығының форматын жетілдіру, Қазақстан мен Ресей бизнес орталары қажет ететін сұхбат алаңдарын құру және жаңа бірлескен кәсіпорындарын құру үшін екі ел іскерлік орталарының арасында байланыстарды орнатқызу бұл іс-шараны өткізудің басты мақсаты болды.
Конференция барысында бірқатар мәселелер, олардың ішінде, қазақстандық-ресейлік екіжақты инвестициялық ынтымақтастығын дамыту бағыттары, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) шеңберінде табысты тәжірибелерді кеңінен пайдалану мүмкіндіктері, екі ел аймақтары арасындағы экономикалық байланыстарын жандандыру мәселелері, сонымен қатар, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыға салынды.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі Болат Иманбаев ЕАЭО қызмет ете бастаған бері екі ел интеграциялық ықпалдасудың жаңа деңгейіне өтіп жатқанын атап өтті. Ол қазіргі кезде Қазақстанда ірі инвесторларды қолдау шаралары енгізіліп отырғанын еске салды.
- Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында аса қажет болып отырған жаңа жобаларды және оларды қолдау мен ынталандыру жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Біздің қазіргі мақсатымыз - осы бірлескен жұмысымыз арқылы кіші және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету. Бүгінгі кездесуіміздің форматы осыған барлық мүмкіндік береді. Сонымен бірге, екіжақты инвестициялық клуб шеңберінде секілді басқа да форматтағы ықпалдастықты ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, - деді Қазақстан дипломаты.
Ол Ресей Сауда-өнеркәсіптік палатасымен аталмыш инвестициялық сұхбатты жылына 3-4 реттен ұйымдастырып отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады.
РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкин, өз сөзінде, Ресей тарапы бүгінгі конференцияны "Қазақстан-Ресей" инвестициялық ынтымақтастығының жол картасын" қалыптастыру бойынша маңызды жүйелі жұмысының бастапқы қадамы ретінде есептеуде, - деді. Оның айтуынша, осындай үнемі қызмет ететін сұхбат алаңдар жүйесі болашақта ЕАЭО аумағына дейін кеңею мүмкін.
- Қазіргі кезде екі елдің ірі жекеменшік мекемелері ықпалдастығын кіші және орта бизнестің, оның ішінде аймақтар деңгейіндегі ынтымақтастығымен толықтыру маңызды мәселе. Және осы бағытта сауда-өнеркәсіптік палаталарының жүйесі аса пайдалы болуы мүмкін. Бізде бұл жобаны іске асыру үшін жеткілікті тәжірибе де, білім де және қалыптасқан әріптестік жүйе де бар, - деді Д.Курочкин.
"KAZNEX INVEST" Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева өз сөзінде қатысушыларға еліміздің жаңа экономикалық саясатының негізгі ережелері, екі елдің ЕАЭО-дағы инвестициялық ынтымақтастығының мүмкіндіктері туралы айтып берді.
- ЕАЭО-да бірге мүше ететін Қазақстан мен Ресейдің арасындағы екіжақты ынтымақтастығы біз үшін өте маңызды. Себебі, ЕАЭО арқасында екі ел үшін көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Біріншіден, бұл бизнес жүргізуді оңайлатуда, екіншіден, сыртқы ел нарықтарына бірлесіп шығуын тиімді қылды. Нарықтарымызға кіргісі келетін сыртқы елдер инвесторлары үшін ЕАЭО олардың мүмкіндіктерін көбейтетін күрделі құрылым болып табылады. Осы тұрғыда, Қазақстан мен Ресей арасында инвестициялық жобаларды дамыту мен іске асырудың үлкен әлеуеті сақталуда, - деді "KAZNEX INVEST" өкілі. Өз баяндамасында, ол ресейлік кәсіпкерлерге Елбасының Ұлт жоспарының ("5 институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам") негізгі бағыттарын егжей-текжей түсіндіріп жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев конференция қатысушыларын облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті. Әкім орынбасары өз баяндамасы барысында 25 қаңтарда Мәскеудің "Фуд сити" ең ірі азық-түліктік орталығында "Оңтүстік Қазақстан" сауда-көрмелі павильонының ашылуы өткенін еске сала кетті. Павильонға келген ресейлік бөлшек сауда желістері Қазақстанда өндірілетін азық-түліктік өнімдерімен таныса қоймай, тіпті еліміздің өндіруші кәсіпорындармен тікелей келісім-шартқа отыра алады, - деді.
"Шымкент" ӘКК-ның төрағасы Талғат Алпысбаев іс-шара қатысушыларын облыстың ауа райында жылыжайларды құру, сондай-ақ экскаваторларды құрастыру өндірісін ұйымдастыру салалардағы ынтымақтастық бойынша ресейлік компаниялармен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы мәлімдеп берді. Осыған орай, конференция барысында "Шымкент" ӘКК-ның және "PoliPlast" ЖШС-ның ресейлік "Полипласт" ООО мен "UMG" компаниялар тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан басқа қазақстан тарапынан "Аграрлы сарапшылық компания" ЖШС-ның өкілі Ерлан Қарабаев және "Майлы өсімдіктерінің сынақ шаруашылығы" ЖШС-ның директоры Фарид Абитаев ресейлік кәсіпкерлерін өз жобаларымен таныстырып өтті.
Конференция шеңберінде Қазақстандық-Ресейлік іскерлік кеңесінің инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырыс барысында, инвесторлар мен әріптестер екі елдің басымды инвестициялық жобаларымен толықтай танысты.
Е. Жұмабайұлы