Кеше Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын талқылау бойынша «Жаңғыртудан – болашақ біртұтас ұлтына дейін» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті.
Мәскеудегі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі дөңгелек үстелді Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды.
Іс-шараға мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен ұстаздары, ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар және «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысын бастап ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев Мемлекет басшысының аталмыш мақаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Қазақстан жаңа жаһандық шындығында: өсім, реформалар, даму» атты жолдауының негізгі ережелерін одан әрі дамыту бойынша ел жаңғыртуының және бес институционалды реформаларының «Жол картасы», тіпті оларды іске асырудың нұсқаулығы ретінде алып пайдалануға болады деп айтты.
«Президент өз мақаласында болашақ біртұтас ұлт – елдің басты мақсаты, бес институционалды реформаларының дәл мәнісі дегенді жеткізуде. Қазақстан халқы ассамблеясы және «Мәңгілік ел» атты жалпыұлттық идеясы болашақ біртұтас ұлтының екі іргелі негіздері ретінде белгіленді», – деді В.Темірбаев.
Дипломаттың айтуынша, «мақала әдіснамалық тұрғысынан жүйеге келтірілген және онда Елбасы қазақстандық арманына жетуінің нақты бағыттарын белгілеумен шектелмей қоймай, айтылған реформаларға сенім білдірген халықтың үмітін ақтау бойынша нақты тетіктерді көрсетіп өтті. Мемлекет басшысы Ұлт жобасын іске асыру жолында жасалған жұмыс туралы толық айтып берді». Ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елде 59 жаңа заңдар күшіне еніп, бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Ұлт жобасының нақты орындалуы басталғанын еске салып өтті.
Жоғары экономика мектебінің Мемлекеттік және муниципалды басқармасы институты директорының орынбасары, Тәртіпаралық зерттеулер орталығының директоры Владимир Королев атап өткендей, еліміз кейінен бүкіл ТМД кеңістігі мемлекеттері арасында үлгі ретінде тарайтын маңызды бастамаларды жие ұсынуда. Оның айтуы бойынша, мақалада қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне жол бермеудің кешенді шаралар көрсетілген, елді жаңғырту жолындағы мемлекеттік органдарының іскерлік және азаматтық қоғамдарымен бірлескен жұмысының тәртібі белгілінген.
Заң ғылымның докторы, О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының бірінші проректоры Елена Грачева өз баяндамасында Президенттің мақаласында жартысынан көбісі тәуелсіз сот әділдігінің мәселелеріне және заң ұлықтылығының іске асуына арналғанын назарға салды. «Құқықты дамыту мәселелері негізінде болуда, – деді ол. – Жоғары деңгейдегі құқықтық реттеусіз елдің жоғары экономикалық пен саяси табыстарға жетуі мүмкін емес». Сонымен қатар, оның пікірі бойынша, тиісті заңдарды қабылдаумен шектелуге болмайды, мақалада айтылғандай олардың нақты іске асырылуы қажет. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс.
РФ Президентінің жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, философия ғылымның докторы Семед Семедовтің мәлімдеуі бойынша, әр мемлекет өзін сәйкестендіру үдерісінен өтеді. Осы мәнінде, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған реформалар жоспары – мемлекеттің одан әрі даму үрдісін белгіледі. «Елдің даму стратегиясын белгілеу қажет, - ерекше айтып өтті С.Семедов. – Және біз Қазақстан өз болашақ даму жолын анық білетініне куә болып отырмыз». Ресейлік сарапшы мақалада айтылғандай болашақта әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіру Қазақстан үшін қол келерлік іс деп айтты. «Назарбаев белгілеген стратегиясының негізінде – адами капитал. Және осылай қойылған мақсат ен дұрыс болады», – деп тәмамдады профессор.
Жалпы айтқанда, іс-шара барысында қатысушылар Президенттің мақаласының негізгі ережелерін талқылады. Олар қазақстандық жастарының елді жаңғырту үдерісіне және институционалды реформаларын өткізуіне белсенді қатысу мүмкіндіктері бойынша өз пікірлермен бөлісті.